Түркия өзінің Сириямен арадағы шекарасына қосымша әскер жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия өзінің Сириямен арадағы шекарасына қосымша әскер жіберді

05.09.2018

Түркия өзінің Сириямен арадағы шекарасына қосымша әскер жіберіп жатыр. Өйткені, көрші елдің армиясы оппозицияның қолындағы соңғы провинция – Идлибті қайтару операциясын бастауға жақын. Өткен тәулікте Сирия мен Ресей ұшақтары осы провинциясының батысын бомбалады деген мәлімет бар.

Егер Асад әскері мен оның одақтастары бұл науқанға кірісетін болса, 700 мыңдай адам үйлерін тастап, түрік жеріне сан мың бейбіт тұрғын қашуы мүмкін. Айта кетсек, Түркия бұған дейін Сириядан 3 миллионнан астам босқын қабылдады.

Идлиб мәселесін талқылау үшін Түркия, Иран, Ресей президенттері қыркүйектің 7-де Тегеранда үшкүндік саммитті бастайды. 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу