АҚШ-та Украинаға көмек туралы заңды сенат мақұлдамады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Украинаға көмек туралы заңды сенат мақұлдамады

07.12.2023

АҚШ Сенатындағы республикалықтар Украинаға көмек беру туралы заң жобасын мақұлдамады. Бұған демократтармен арадағы келіспеушілік себеп. Екі партия өкілдері Мексикамен арадағы шекараны мықтау және иммиграциялық саясатты күшейту мәселесінде ортақ мәмілеге келе алмай отыр.

Жалпы алғанда, Сенаттан 106 миллиард доллардың жәрдем пакеті өтпеген. Бұл қаражат Украина мен Израильді әскери қолдауға бөлінуі керек еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу