Ресейлік қоғам қайраткерлері Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік қоғам қайраткерлері Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

18.12.2018

Бүгінде Қазақ елі - саясаты да, экономикасы да тұрақты мемлекеттердің қатарында. Себебі, Тәуелсіз Қазақстан азаттықтың алғашқы жылдарынан-ақ құрылымдық реформалар жүргізіп, өзінің даму басымдығын дұрыс таңдай білді. Бұл - Ресейдегі белгілі тұлғалардың пікірі. Елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтаған қайраткерлер, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы даму жолын жоғары бағалады. 

Руслан Гринберг, РҒА экономика институтының ғылыми жетекшісі:

- Меніңше, Қазақстанның жолы болды. Себебі, тәуелсіздік алған уақыттан бастап биліктің басына Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткер келді. Ол қаншама ұлт пен ұлыстың басын қосып, елді дамыту жолында барша жұрттың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыра білді. Қазақстан бұл күндері қарқынды дамып жатқан әрі Ресеймен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан ел. Өткен жылдарға шолу жасайтын болсақ, Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі сәтті дамудың үлгісі саналады.

Арман Дәулетияров, «Муз ТВ» телеарнасының бас директоры:

- Сүйікті менің Қазақ елім, Тәуелсіздік күнің құтты болсын! Мен Қазақстанның жетістіктеріне әрдайым қуанып жүремін. Тәуелсіздік жылдарында Қазақ елі, барша әлем құрметтейтін, жақсы көретін абыройлы мемлекетке айналды. Алдағы уақытта да, елімізде тек бейбітшілік пен келісім болып, жаңа белестерді бағындыра берейік. Қазақстандағы әрбір азамат өз Отанын шынайы сүйетін болса, біз үшін алынбайтын қамал болмайды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу