Австралияда 102 жастағы кейуана ұшақтан парашютпен секірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда 102 жастағы кейуана ұшақтан парашютпен секірді

14.12.2018

Ирен О’Ши есімді әйел өзінің нұсқаушысы Джет Смитпен 4200 метр биіктіктен түскен. Осылайша, ол әлем бойынша мұндай қадамға барған ең кәрі адам атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Кейуана шамамен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жерге қонған. Экстремал әжені ұшақ ішінде дәрігер қадағалап, жерде оны туыстары мен достары күтіп алды. Ирен бұл ерлікті жыл сайын қайталайды. Алғашында оған 12 мың доллар төленген. Бірақ, Ирен түскен қаражаттың барлығын нейрондық ауруға душар болғандарға көмек беретін қайырымдылық қорға жібереді. 10 жыл бұрын оның қызы дәл осы дерттен қайтыс болған екен.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу