Ғарыштық туристерге арналған Virgin Galactic шаттлы 87,2 шақырым биіктікке көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарыштық туристерге арналған Virgin Galactic шаттлы 87,2 шақырым биіктікке көтерілді

14.12.2018

Осылайша, британдық миллиардер Ричард Брэнсонның компаниясы ғарышқа алғашқы саяхатшыларды аттандыруға тағы бір қадам жасаған.

Космоплан 12 метр биіктікте арнайы ұшақ-тасығыштан ұшырылды. Ары қарай аппарат өзінің зымырандық қозғалтқышының көмегімен самғап, атмосфераның жоғары қабатына шыққан. Оның бортында екі пилот, турист ретіндегі манекен және кеменің салмағын арттыратын жүк болған. Сынақтан кейін шаттл өз бетінше жерге сәтті қонды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу