Жерсеріктер бүкіл әлемге интернет жеткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерсеріктер бүкіл әлемге интернет жеткізбек

07.02.2018

Швецияда Жер бетінің әр тұрғынын ғаламтормен қамтамасыз ететін ірі бастама қолға алынды. Ол «Бірыңғай веб жоба» деп аталады. Грег Вайлер атты кәсіпкер ойлап тапқан бұл идея жүзеге асса, 2027 жылға қарай әлемнің шалғайдағы елді мекендеріне дейін интернет жеткізілмек.

Сол мақсатқа жету үшін «РУАГ» атты швециялық фирма ғарышқа 36 спутникті орнатуға қажетті технологияны құрастырып, жетілдіріп жатыр. Бүкіл дүниежүзіне ғаламторды қолжетімді ету жоспарын іске асыруға «Virgin Galactic», «Coca-Cola», «Intelsat» тәрізді инвесторлардың бір тобы тартылған. Бұл жоба аясында жерсеріктер ғарышқа биылдан бастап ұшырыла бастайды.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу