SpaceX компаниясының төртінші ракетасы сәтсіздікке ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

SpaceX компаниясының төртінші ракетасы сәтсіздікке ұшырады

31.03.2021

АҚШ-та әйгілі Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясының төртінші ракетасы сәтсіздікке ұшырады.  SN11 ғарыш кемесі 10 шақырым биіктікке көтеріліп, жерге қайта қона алмаған. Бұған дейін SN8 және SN9 аппараттары аспанда жарылса, SN10 жерге қонғаннан кейін 8 минуттан соң жанып кеткен. Сынақтардың басты мақсаты: ғарышқа бірнеше мәрте ұшыруға болатын ракеталар жасау. Осылайша Маск болашақта ғарыштық туризмді дамытып, оны дағдыға айналдыруды көздеп отыр.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу