АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы заңгері Майкл Коэн 3 жылға сотталды. Оған сайлау заңын бұзып, конгреске жалған сөйледі деген айып тағылған. Сот тексеру кезінде Коэн Трамппен қатынасы болған екі әйелдің аузын жабу үшін ақша берген екен. Ал, ол қаражат Трамптың сайлау кампаниясына жұмсалуы тиіс еді. 52 жастағы Коэнның қорғаушысы «оның Трамппен жұмыс істегені сәтсіздікке әкелді» дейді.
Ақ үйдің басшысының сайлауда жеңіске жеткеніне Ресейдің қатысы бар-жоғы жайында 2016 жылдан бері тексеру жұмыстары басталған. Содан бері Коэн оның командасындағы сотталған бірінші адам болып отыр. Сот шешімі бойынша, ол тек бас бостандығынан айырылып қана қоймай, қаржылай айыппұл төлеуі тиіс. Бұрынғы заңгер тағылған айыпты мойындаған, дегенмен ол әрдайым Трамптың қисынсыз әрекеттерін жауып отырғанын алға тартты.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.