Ресей АҚШ-қа ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей АҚШ-қа ескерту жасады

06.12.2018

Егер АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін оның ракеталарын өз жерлеріне орналастырған елдер болса, сол мемлекеттерді Ресей нысанаға алады. Мұны Мәскеуде өткен брифингте Ресей қарулы күштері бас штабының қолбасшысы Валерий Герасимов ескертті. Оның айтуынша, АҚШ пен оның одақтастарының әскерді күшейтуі Ресейді қорғаныс бюджетін 50 миллиард долларға дейін көтеруге мәжбүрлеп отыр.

Алайда, Вашингтон мен НАТО-ның мәлімдемелеріне жүгінсек, Ресей ядролық оқтұмсық таситын зымырандарын жетілдіріп жатыр. Кремль мұны мойындамай отыр. Құрама Штаттар болса, Ресей атомдық арсеналын дамытуды тоқтатпаса, 1987 жылы Америка мен Кеңес Одағы қол қойған ядролық келісімнен ақпан айында шығатынын мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу