Жаппай қырып-жоюға арналған қару түрлері бүкіл әлем елдеріне қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, халықаралық қауымдастық одан бас тарту үшін күш біріктіруі керек. Санкт-Петербор қаласында өткен «Соғыс кезінде кейбір жарылғыш снарядтарды қолданбау туралы декларацияның 150 жылдығына» арналған конференция кезінде, Сенат төрағасының орыбасары Сергей Громов осылай деді. Ол өз баяндамасында ТМД елдерінен жиналған Парламент өкілдерін Қазақстан Президентінің «Әлем. 21-ші ғасыр» деп аталатын манифестімен таныстырды. Бұл құжат қауіпті қарудан бас тартып, бейбіт келіссөздер арқылы ғаламдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Біздің еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері осы ұстанымынан айныған емес. Сергей Громов сонымен қатар, жақында өткен Астана клубының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келер жылы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция өткізуді ұсынғанын жеткізді.
Сергей Громов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
- Қазақстан халықаралық қауымдастықты ядролық қарусыз әлем құруға шақырады. Адамзат баласын дүрдараз қылып тұрған әскери блоктардың жұмысын тоқтату керек. Біздің еліміздің ұстанымы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, жаһандық проблемаларды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін күшейтуге және қауіпсіздікті сақтауға бағытталған. Жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қаурсыздану саласындағы ресми Астананың саясаты осы принциптерге негізделген.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.