Австралияда мыңдаған оқушы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда мыңдаған оқушы шеруге шықты

30.11.2018

Австралияның астанасы Сиднейде мыңдаған оқушы шеруге шықты. Олар үкіметті климаттың өзгеруімен күреспей отыр деп айыптады. Қарсылық акцияға шығу үшін оқушылар мектепке бармай қойған. Мұндай шерулер Мельбурн қаласында да өтіпті. Демонстранттардың айтуынша, климаттық құбылыстарға қатысты ел саясаты дұрыс жасалмайды. Айта кетсек, Австралия Париж климаттық келісім бойынша 2005 жылдан 2030 жылға дейін сыртқа тасталатын зиянды қалдықтарды 26-28 пайызға қысқартуы тиіс болған. БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, олар бұл келісім бойынша міндетін лайықты орындамай отыр. Себебі, былтырдан бері қалдықтардың мөлшері азаймаған. Ал, ел премьер-министрі Скот Моррисон болса, энергияның альтернивті көзін іздеу жұмыстары жүріп жатыр және гидроэнергетикалық жобалар жүргізіліп жатыр деп ақталды.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу