Барселонада дәрігерлер мен өрт сөндірушілер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада дәрігерлер мен өрт сөндірушілер шеруге шықты

29.11.2018

Соңғы деректерге қарағанда, қарсылық акциясына жүздеген адам қатысқан. Демонстранттар үкіметтен жұмыс жағдайын жақсартуды, жалақыны өсіруді талап етті. Шерушілер парламент үйінің алдына жиналып, ішке кірмек болған. Бірақ, оларды полиция дер кезінде тоқтатып, кері қайтарды.  Ақ халаттылар «Сөзбен емес, іспен көрсет!» деген түрлі баннерлер ұстап шықса, өрт сөндірушілер крестке байлаған қуыршақтарды өртеп жатты. Жергілікті кәсіподақ өкілдерінің сөзінше, келесі аптада бұдан да ауқымды шеру өткізу жоспарда бар. Ол, тіпті, бір аптаға дейін созылуы мүмкін. Себебі, еңбеккерлер жұмыс уақыты мен жалақы мәселесі бойынша бір мәмілеге әлі келмеді.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу