Қытайдың Хэбэй провинциясындағы химиялық зауытта жарылыстан 22 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Хэбэй провинциясындағы химиялық зауытта жарылыстан 22 адам қаза тапты

28.11.2018

Қытайдың Хэбэй провинциясындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 22 адам қаза тапты. Тағы 22-сі жараланған. Оқиға бүгін таңертең болды. Жарылыстан лезде өрт тұтанып, лапылдаған жалын 38 жүк көлігі мен 12 жеңіл машинаны шарпыған. Төтенше жағдай кезінде жапа шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Ал, жарылысқа не себеп болғаны қазір анықталып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу