Қытайда тоннельдегі жарылыстан 13 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда тоннельдегі жарылыстан 13 адам қаза тапты

24.05.2017

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында тоннельдегі жарылыстан 13 адам қаза тапты. Тағы 15 кісіні күйік шалған. Онда бензин тасымалдаушы көлік көмір тиелген жүк машинасына соқтығысып, екеуі де өртеніп кеткен. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, тағы 9 машина мен жақын маңдағы 43 үйге қатты зақым келген. Қазір қайғылы оқиғаны тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осыдан екі күн бұрын ғана Қытайдың оңтүстігінде көлік апатынан 32 бала зардап шеккен еді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу