Сирияның Идлиб провинциясындағы жойқын жарылыстан 18 адам қаза тапты

08.01.2018

Сирияның Идлиб провинциясында жойқын жарылыс болып, 18 адам опат болды. Тағы ондағаны жараланған. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлап отыр. Соңғы деректер бойынша, жол бойында тұрған көлік ішіндегі бомба адамдар көптеп жиналған сәтте іске қосылған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, бұл елдегі оппозицияға, яғни, Башар Асадты қолдамайтындарға қарсы жасалған болуы мүмкін. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Сириядағы азаматтық соғыстан былтырдың өзінде 40 мыңға жуық адам көз жұмды. Олардың 2 мыңнан астамы балалар деген мәлімет бар.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу