Бағдадтағы жарылыстан 22 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдадтағы жарылыстан 22 адам қаза тапты

11.05.2016
Бағдадтағы жарылыстан 22 адам қаза тапты
Ал, жараланғандардың саны 60-тан асып отыр.

Ирак астанасы Бағдадтың шииттер тұратын Садр Сити ауданында жеңіл көлік жарылып, 22 адам қаза тапты. Ал, жараланғандардың саны 60-тан асып отыр. Бомба қойылған машина адам көп жиналған базарда күлі көкке ұшқан. Көп кешікпей бұл шабуылды «Даиш» қарулы тобы өз мойнына алды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу