Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда химиялық зауыттағы жарылыстан 4 адам қаза тапты

15.10.2019

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. Тағы алтауы жараланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі ауыр халде.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға күндізгі сағат 11-лер шамасында болған. Жарылыстан зауыттың қабырғасы опырылып құлап, көршілес ғимаратқа да зияны тиген. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Жансая КАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу