Пәкістанның Карачи қаласындағы Қытай консулдығына шабуыл жасалып, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Карачи қаласындағы Қытай консулдығына шабуыл жасалып, 2 адам қаза тапты

23.11.2018

Қытай Пәкістанның Карачи қаласындағы консулдығына жасалған шабуылды қатаң айыптады. Айта кетсек, ол оқиғадан 2 адам мерт болды. Құрбандар - полиция қызметкерлері. Тағы біреуі жараланған. Өзге бір мәліметке қарағанда, үш шабуылшы консулдықтың визалық бөліміне кіріп, полицияның қоршауына түсіп, бір сағатқа созылған атыс кезінде мерт болды. Дегенмен, 21 қызметкер аман. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы адамдардың бірі жанкешті кеудешесін киген. Соңғы мәліметке қарағанда, шабуылды «Белуджистанды азат ету армиясы» деген сепаратистік топ ұйымдастырды. Бұл ұйым осы әрекет арқылы Қытайдың өздері тұратын оңтүстік-батыста табиғи ресурстарды игеруіне наразылық білдірмек болған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу