АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінен қаза тапқандардың саны 66-ға жетті. Із-түзсіз жоғалғандар бір тәулік ішінде екі есеге өсіп, 631-ден асты. Соңғы деректерге қарағанда, 12 мың ғимарат пен 56 мың гектар жер өртеніп кеткен. Тілсіз жаудан, әсіресе, штаттың солтүстігіндегі Кэмп, Вульси және Парадайс қалалары көп зардап шегіп отыр. «ВВС»-дің хабарлауынша, табиғи апатпен күреске 9,4 мың өрт сөндіруші жұмылдырылған. Жергілікті шерифтің мәлімдемесіне сүйенсек, жоғалғандарды іздеу-құтқару операциясына әскерилер де тартылып отыр. Қазір өрттің 40 пайызы сөндірілді. Кей болжамдарға қарағанда, жасыл желектердің жануына Кэмптағы электр желілеріндегі апат себеп болуы мүмкін. Жоспар бойынша ертең ел президенті Дональд Трамп Калифорнияға арнайы барып, зардап шеккендермен кездеседі.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.