Солтүстік Корея озық технологиямен жасалған жаңа тактикалық қаруды сынақтан өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея озық технологиямен жасалған жаңа тактикалық қаруды сынақтан өткізді

16.11.2018

Мұны бүгін елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Сынақты елдің басшысы Ким Чен Ын өзі қадағалаған. Дегенмен, нақты қандай қару тәжірибеден өткізілгені белгісіз.

Ким маусымда Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан тазарту жолында жұмыс істеуге уәде бергеннен кейін алғаш рет полигонға барып отыр. Болжамдарға қарағанда, бұл сынақ Пхеньян мен Вашингтон арасындағы шиеленісті қайта күшейтеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу