АҚШ-та гипердыбысты аппарат ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та гипердыбысты аппарат ұшырылды

27.10.2022

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері мен армиясы ондаған гипердыбысты қаруды сынақтан өткізді. Шара жаңа қару түрлерін ойлап табуға бағытталған. Пентагон сынақтың сәтті өткенін мәлімдеді. Оның барысында гипердыбысты қару коммуникациялары мен навигациялық құралдар, сондай-ақ, шынайы гипердыбысты ортада ыстыққа төзе алатын озық материалдарға да баға берілген. Бұл аппараттар Вирджиниядағы ұшыру алаңынан ракетамен атмосфераның жоғары қабатына жіберілді. АҚШ пен оның жаһандағы бәсекелестері қарудың келесі буыны - гипердыбысты аппараттар жасауға баса мән беріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу