Солтүстік Корея Жапония жаққа баллистикалық зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея Жапония жаққа баллистикалық зымыран ұшырды

04.10.2022

Бүгін Солтүстік Корея Жапония жаққа баллистикалық зымыран ұшырды. Ол Күн Шығыс елінің үстінен өтіп, Тынық мұхитқа құлаған. Осыған байланысты Жапонияның солтүстігінде пойыздар тоқтап, тұрғындар ғимараттардан шығып, жертөлелерге жасырынды.

Токионың мәлімдеуінше, Пхеньян бұл жолы 4600 шақырымға арналған зымыранды сынады. Айта кетсек, Солтүстік Корея соңғы 10 күнде осымен бесінші рет стратегиялық қаруды тәжірибеден өткізді. Және де бұл сынақтар аймақта АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея бірлесіп әскери жаттығулар өткізген кезде жүзеге асырылып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу