АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясаты әлем назарын аудартып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясаты әлем назарын аудартып отыр

14.11.2018

АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы саясаты әлем назарын аудартып отыр. Оның ішінде АҚШ-тың Ресейге қарсы қабылдаған санкциялары да бейбіт келісімнің берекесін алғаны тағы бар. Үш алыптың ауызбіршілігі мемлекетіміз үшін де маңызды. Бұл туралы Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

Сарапшылар әлем дамуындағы үрдістерді жан-жақты талдап, алпауыт елдер арасындағы ахуалдың орнығу тиімділігін сөз етті. Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы стратегиялық саудаға байланысты да ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ, үш ел арасындағы қазіргі байланыс пен санкциялардың елімізге тигізер ықпалы да кеңінен талқыланды.

Янь Чжын, Шанхай университетінің профессоры:

- Шынында, қазір Қытай мен АҚШ арасындағы сауда сарсаңы, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ  арасындағы келісім де ушығып тұр. Бұл бәсекелестікке төтеп беруді көздейтін тараптар үшін тиімсіз. Кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жиында Қазақстан Президенті ЕуроОдақ елдері, оның ішінде осы Ресей, Қытай, АҚШ елдері көшбасшыларын төртжақты келісімге шақыру жөнінде жұмыстарға әзір екендігін айтты. Әрине, мен бұл бастамамен толықтай келісемін. Бізге осындай ашық диалогтық алаң керегі анық.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу