Астанада өткен дөңгелек үстел кезінде Орталық Азиядағы көші-қон мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өткен дөңгелек үстел кезінде Орталық Азиядағы көші-қон мәселелерін талқылады

25.04.2018
Астанада өткен дөңгелек үстел кезінде Орталық Азиядағы көші-қон мәселелерін талқылады

24 сәуірде Астанада «Орталық Азиядағы көші-қон және жастар: даму мақсатындағы мүмкіндіктерді пайдалану» тақырыбында Өңірлік дөңгелек үстел өтті. Орталық Азия елдері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен шарада көші-қон процестерінің мәселелері мен олардың жастарға тигізетін әсері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың көшіп-қонғанға дейін, көшіп-қону кезінде, көші- қонғаннан кейін туындайтын проблемалары мен олардың дәрменсіздігін анықтау және осы проблемаларды түп-тамырымен жою мақсатында жастар мен ел ішіндегі және  өңірдегі елдер арасындағы көші-қон мәселелері бойынша жұмыс істейтін түрлі мүдделі тараптар арасында үнқатысу мен ынтымақтастықты жолға қою.

Дөңгелек үстелді Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ) мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Еуропа Одағымен және АҚШ Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

«Орталық Азияның барлық елдері Орнықты даму мақсаттары арқылы көші-қон саясатын дамытуда. Қазақстанда 2050 стратегиясындағы қатерлердің бірі демография мәселесі болып табылады, бұл мәселе бойынша біз Үкіметпен жұмыс жасап жатырмыз. Өңірде бірқатар зерттеулер жүргізіп, 10 миллионға жуық адамның көші-қон процесінде екенін анықтадық. Көші-қон жүйесін нығайту және реттеу бойынша салиқалы бағдарламалар қажет, оның үстіне мигранттар мен үкіметтің арасында сенімнің орнауы маңызды», - деп атап көрсеттіХалықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ)/ БҰҰ-ның Көші-қон агенттігі миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Деян Кесерович.

Шарада өңірлік ынтымақтастықты нығайту, әлеуетті өсіру, сондай-ақ мигранттардың адам құқықтарын қорғау саласындағы оал мигранттардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы Орталық Азиядағы көші-қонның және аралас миграциялық ағынның күрделі динамикасына байланысты көптеген қатерлерді еңсеру мүмкіндіктерін талқылады. ЮНИСЕФ көші-қон процестеріне тап болған балалар үшін көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікке назар аударуға шақырды.

«20 жасқа толмаған мигранттардың арасында шамамен 40%-ы – 15-19 жастағы жасөспірімдер, ал 11%-ы - 0-4 жастағы балалар. Қазақстанда халықаралық мигранттардың балалары балалардың жалпы санының 23%-ын құрайды», - деп атап көрсетті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Юрий Оксамитный.

Дөңгелек үстел үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың, сарапшылардың, халықаралық және донор ұйымдардың мүдделі тараптары өңірдегі де, сондай-ақ, әрбір Орталық Азия елдерінде де жастар мен көші-қон бойынша жұмыс істеп жатқан бағдарламаларға, саясатқа және зерттеулерге қатысты пікір алмасатын алаңға айналды, сонымен бірге қатысушылар жастардың көші-қон проблемаларын ұлттық өңірлік даму стратегиясына енгізу саласындағы озық халықаралық тәжірибемен танысты.

Хабарламаларға жазылу