Трамп пен Си Цзиньпин  250 млрд доллардың келісіміне қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Си Цзиньпин  250 млрд доллардың келісіміне қол қойды

09.11.2017

АҚШ президенті Қытай төрағасына Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тарттыру мәселесінде көбірек жұмыс істеуге шақырды. Дегенмен, Дональд Трамп Бейжіңге Пхеньянмен арадағы сауда-саттықты қысқартқаны үшін алғыс білдірді. Ақ үй басшысы екі жақты сауданың Құрама Штаттар үшін әділетсіз жүріп жатқанын ескертті.

Сонымен қатар, Трамп пен Си Цзиньпин екі ел компанияларының 250 миллиард доллардың коммерциялық келісімдеріне қол қойғанын жариялады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу