Мемлекет басшылары G20 саммитіне жиналуда

27.06.2019

Бүгін әлем елдерінің басшылары G20 саммитіне жиналып жатыр. Биыл ол Жапонияның Осака қаласында өтеді. Бұл - «Үлкен жиырмалық» лидерлерінің 14-ші саммиті. Бүгін оған Қытай президенті Си Цзиньпинь, Еурокеңес төрағасы Дональд Туск, АҚШ президенті Дональд Трамп, Бразилия президенті Жаир Болсонару және Түркия басшысы Реджеп Тайып Эрдоған барды. Сондай-ақ, Осакаға алғашқы боп жеткендердің ішінде, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди де бар.

Екі күндік алқалы жиында экономикалық мәселелер талқыланып, бірқатар президенттер арасында екіжақты кездесулер өтеді деп жоспарланып отыр. Соның бірінде Трамп пен Си Цзиньпин сауда соғысы жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ал, Ресей президенті Владимир Путин саммит аясында Ақ үй басшысымен және Британияның экс-премьер-министрі Тереза Мэймен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу