Германия Саудияға қару сатуды тоқтатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия Саудияға қару сатуды тоқтатпақ

22.10.2018

Германия Сауд Арабиясына қару экспорттауды тоқтатпақ. Бұл туралы Ангела Меркель мәлімдеді. Канцлердің сөзінше, уақытша шектеу шарасы саудиялық журналист Джамаль Хашогидің ісіне қатысты қабылданып отыр. Ал, бұған дейін Саудия корольдігі Хашоггидің консулдықта жұдырықтасып төбелесу кезінде қаза тапқанынын мәлімдеді. Дегенмен, оған ешқандай дәлел келтірген жоқ. Батыс елдері Корольдіктен журналистің қазасына қатысты түсініктеме беруді талап етіп отыр. Ал, түрік басылымдарының хабарлауынша, Хашогги өлтірілмес бұрын азапталып, кейін оның денесі бөлшектелген. Сауд Арабиясында осы іске қатысты 18 адам тұтқындалып, тақ мұрагері Мұхамед бин Салманның екі көмекшісі қызметтен кетірілген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу