АҚШ БАӘ мен Сауд арабиясына қару сатуды уақытша тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ БАӘ мен Сауд арабиясына қару сатуды уақытша тоқтатты

28.01.2021

АҚШ Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясына қару сатуды уақытша тоқтатты. Президент Джо Байденннің әкімшілігі мемлекеттің бұрынғы басшысы Дональд Трамп мақұлдаған келісім шартты қайта қарастырмақ. Оған сәйкес Әмірліктер мен Саудияға 23 миллиард доллардың қару-жарағы берілуі тиіс. Олардың ішінде F-35 жойғыш ұшағы мен әскери дрондар бар. Кейбір деректерге қарағанда, Вашингтон аталған қару түрлерін кейін үшінші тараптар қолданып, АҚШ қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп алаңдайды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу