АҚШ-та 15 жасар жасөспірім бес адамды атып өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 15 жасар жасөспірім бес адамды атып өлтірді

17.10.2022

АҚШ та тағы да атыс. Солтүстік Каролина штатында 15 жасар жасөспірім бес адамды атып өлтіріп, екі тұрғынды жаралаған. Полицейлердің хабарлауынша, Роли қаласындағы қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Күдікті ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Қайғылы оқиғаға байланысты қара жамылған отбасыларға көңіл айтқан АҚШ президенті қару сатуға тыйым салуға шақырды. Осы жылы, Буффалодағы ондаған оқушының өмірін қиған жаппай қырғыннан кейін Байден әкімшілігі жартылай автоматты қаруларды жиырма бір жасқа толмаған жастарға сатуды шектейтін заң қабылдаған. Бірақ, бейбіт тұрғындарға қару кезену қылымысы азаймай тұр. Сондықтан Ақ үй шабуылдаушы қарулардың саудасына мүлдем тиым салуға әзір. Арнайы заңды Конгрестің өкілдер палатасы мақұлдады. Енді Сенат бекітуі тиіс дейді АҚШ президенті. Айта өтейік, жыл басынан бері елде 540-тан аса жаппай оқ ату оқиғасы тіркеліп, жүздеген адам қаза тапты. 

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу