Каталония тәуелсіздігі үшін референдумның өткеніне бір  жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония тәуелсіздігі үшін референдумның өткеніне бір  жыл толды

02.10.2018

Испанияның Барселонасында тәуелсіздік референдумының бір жылдығы шерулермен, қақтығыстармен аяқталды. Демонстранттар Каталонияның бейресми жалауын ұстап, «Қазанның 1-і кешірілмейді де, ұмытылмайды да» деп ұрандатты. Ашуға ерік бергендер алаңдарды басып алып,  орталық жолдарды жауып, көшелерде көлік қозғалысын тежеген. Акция соңы тәртіпсіздіктерге ұласып, манифестанттарды күшпен таратуға тура келді. Полиция резеңке оқ атып, кейбіреулерді таяқпен ұрды деген мәлімет бар.

Айта кетсек, былтыр қазанның 1-де өткен плебисциттің қорытындысын Испания соты заңсыз деп жариялап, Каталонияға тікелей басқару енгізді. Әлеуметтік сауалнамаға қарасақ, автономиялық провинцияның корольдіктен бөлінуін жақтайтындар мен оған қарсылардың саны қазір тең түсіп отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу