Мәскеуліктер Батырхан Шүкеновты еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуліктер Батырхан Шүкеновты еске алды

26.05.2016
Мәскеуліктер  Батырхан Шүкеновты  еске алды
Танымал әнші, миллиондаған тыңдарманның сүйіктісі Батырыхан Шүкеновты еске алу кеші Мәскеу шаһарында өтті. Атақты Крокус Сити холлда, Батырдың әндерін қазақ және орыс эстрадасының жұлдыздары орындады. Концерттен жиналған қаржы Батырханның отбасына беріледі.

Батырханның өмірден өткеніне де 1 жыл болды. Сүйікті әншісін енді қайтып саханадан көре алмайтынына көндіккен көрермен, енді оның әндерін, тек өзге эстрада жұлдыздарының орындауында ғана тыңдайды. Батырхан Шүкенов - Қазақстан мен Ресейге қатар танылған музыкант. Сондықтан «Батырын» сағынған мәскеулік қауым 5 мың адамдық залға лық толды.



Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу