«Референдум» онлайн марафонынының өткеніне 7 сағаттан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Референдум» онлайн марафонынының өткеніне 7 сағаттан асты

05.06.2022

«Референдум» онлайн марафонынының өткеніне 7 сағаттан асты. Осы уақытқа дейін меймандардың жартысы келіп үлгерді.

 Раушан Сайлауқызы, тілші:

7 сағаттан бері осы алаңда тыным жоқ. Мына жерде орталық коммуникация қызметкерлері Референдумның барысы жайлы сағат сайын ақпарат таратса, мына жерде түрлі тақырыпта дискуссия ұйымдастырылып жатыр. Жаңа ғана осы жерде жаһандану, оқшаулану тақырыбы қаузалды. Ал анау тұрған сахнада әртістер өнер көрсетуде. Жалпы осы ауқымды шараны Қазақстантелкрадиокорпорациясы ұйымдастырғанын айта кетейік. 100 астам адам осы марафонның ұйымдастырылуына жұмылды. Құрметті көрермен марафон түнгі бірге дейін жалғасады. Маңызды ақпар, мазмұнды сұхбат, көңілді қойылым бәрі де сіздер үшін.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу