Парламент тәуелсіздік туралы қарар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент тәуелсіздік туралы қарар қабылдады

10.11.2015
Парламент тәуелсіздік туралы қарар қабылдады
Елде тура бір жыл бұрын автономияның егемендігі туралы референдум өткен.

Каталония парламенті аймақтың тәуелсіздігі жөніндегі қарарды қабылдады. Енді алдағы бір жарым жылда конституция мәтіні дайындалып, жеке мемлекеттік құрылымдар құрылуы тиіс.

Айта кетсек, тура бір жыл бұрын автономияның егемендігі туралы референдум өтіп, халықтың дені Испания құрамынан шығу үшін дауыс берген еді. Алайда, испан астанасы бұл сауалнаманың қорытындыларын заңсыз деп таныды.

Ресми Мадрид Каталония билігінің бұл жолғы шешімін де дәл осылай қабылдады. Олар конституциялық сотқа шағымданбақ.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу