Киев Азов теңізінде әскери база құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киев Азов теңізінде әскери база құрады

02.10.2018

Украина Азов теңізінде әскери база құратынын жариялап, Ресейден төнген қауіпке қарсы тұру үшін сол аймаққа әскер жіберіп жатыр. Мұны осы елдің қарулы күштерінің қолбасшысы «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.

Виктор Муженконың сөзінше, биыл Ресей ел шекарасының бойына әскер шоғырландырып, Украина порттарына бара жатқан кемелерді тоқтатып, кері қайтаруды, тексеруді жиілеткен. Айта кетсек, Азов – Қара теңіздің стратегиялық қанаты. Оның жағалауының бір бөлігі Ресейге, екінші бөлігі Украинаға тиесілі.

Донбасста Украина армиясы мен Мәскеуге арқа сүйеген сепаратистер 2014 жылы соғыса бастады. Алайда, Кремль көрші елдің шығысындағы көтерілісшілерді қарумен, адам күшімен қамтамасыз етті деген мәліметті үнемі жоққа шығарып келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу