Петр Порошенко әскери резервтегі азаматтарды соғысқа дайындықтан өтуге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петр Порошенко әскери резервтегі азаматтарды соғысқа дайындықтан өтуге шақырды

04.12.2018

Украина президенті Петр Порошенко әскери резервтегі азаматтардың бір бөлігін соғысқа дайындықтан өтуге шақырды. Мұндай шешім Ресеймен арадағы шиеленіс күшейген шақта қабылданып отыр. Порошенконың сөзінше, мемлекет қауіпке төтеп беру үшін өзінің қорғанысын нығайтуы керек.

Бұған дейін ресми Киев Ресейді елдің Азов теңізіндегі порттарын блокадаға алды деп айыптап, Германия мен батыстық одақтастарынан Қара теңізге кеме жіберуді сұраған-ды. Алайда, Кремль Украина лидерінің бұл сөзін «сандырақ» деп сипаттап, оны жанжал отын өршітуге бағытталған мәлімдеме деп атап өтті.

Айта кетсек, екі мемлекет арасындағы дау қарашаның 25-де Ресей шекарашылары Украинаның үш кемесін атқылап, олардың экипажын қамағаннан кейін тіпті күшейді. Алайда, Мәскеуге сенсек, украиналық катерлер Ресейдің судағы территориясына заңсыз кірген соң тұтқындалды. Ал, Порошенко мұны жоққа шығарып, елде 30 күндік соғыс жағдайын жариялап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу