Ресей күштері «Азовсталь» металлургиялық комбинатына кіруге тырысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей күштері «Азовсталь» металлургиялық комбинатына кіруге тырысып жатыр

13.05.2022

Украинадағы әскери қақтығыс әлі жалғасып жатыр.

Ресей әскерилері авиацияның көмегімен «Азовсталь» металлургиялық комбинатына кіруге әрекет жасап жатыр. Бұл туралы Мариуполь мэрінің кеңесшісі хабарлады. Сонымен бірге зауыт аумағында жүрген ресейлік әскерилердің суреті жарияланды. Үздіксіз әуе соққылары, артиллерия, танкілер мен өзге де қару-жарақтан оқ жаудырылып жатқанына қарамастан,«Азов» жауынгерлері барынша қарсылық танытуда. Бұған дейін Киев Мәскеуге  «Азовсталь» қорғаушыларын барлық ресейлік әскери тұтқынға алмастыруға дайын екенін мәлімдеген. Ресей билігі болса, бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу