Израиль Иранды «атомдық қойма» үшін айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Иранды «атомдық қойма» үшін айыптады

28.09.2018

Иран Израиль премьер-министрі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мінберінен жасаған мәлімдемені жоққа шығарды. Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, Тегеранда ядролық материалдар сақталған құпия қойма бар. Ол сол жердің фотосы деп, бір суретті көрсетті. Нетаньяхуға сенсек, бұл фото Ислам Республикасының атомдық бағдарламадан бас тартпағанын айғақтайды.

Бірақ, осы сессияға қатысқан Иран делегациясының өкілі Бахрам Қассемидің сөзінше, Израиль премьері «жасырын ядролық қойма» туралы мәлімдемесімен бүкіл әлемге күлкі болды. Сонымен қатар, оның ойынша, Израиль осындай жаламен палестиналықтарға көрсетіп жатқан дөрекілігінен дүние назарын басқа жаққа аударуды көздеп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу