Тегеран: Натанз кешеніндегі апатқа «ядролық терроризм» себепші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеран: Натанз кешеніндегі апатқа «ядролық терроризм» себепші

12.04.2021

Иранның Натанз атомдық кешенінде электр жүйесінің апатқа ұшырауына «ядролық терроримз» актісі себепші. Мұны Ислам Республикасының Атомдық энергетика агенттігінің басшысы Әли Акбар Салехи мәлімдеді. Және де оның ескертуінше, Тегеранда бұл қастандық үшін кек алуға құқығы бар. Дегенмен, оқиғадан ешкім құрбан болмаған және уланбаған. 

Натанз нысаны Исфахан провинциясының шөлінде орналасқан. МАГАТЭ инспекторларының бақылауындағы объект - елдің уран байыту бағдарламасының орталығы саналады. Мұндағы апат Вашингтон мен Тегеран 2015 жылғы ядролық келісімді қалпына келтіріп, Иранды экономикалық санкциялардан босату мәселесін талқылай бастағанда болып отыр.

Израиль қоғамдық радиосы болса, «Моссад» барлау агенттігі Натанз кешеніне кибер шабуыл жасады деп хабарлады. Ал, премьер-министр Биньямин Нетаньяху әскерилермен өткен салтанатты кездесуде «Иранның атомдық жолға түсуімен» күресу қажеттігін мәлімдеген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу