АҚШ Оман бұғазында екі мұнай танкеріне жасалған шабуыл үшін Иранды айыптады

14.06.2019

Мұндай мәлімдемені мемлекеттік хатшы Майк Помпео жасады. Дегенмен, ол нақты дәлел келтірген жоқ.

Ал, мамырдың 20-да президент Дональд Трамп Ислам Республикасымен соғыс басталатын болса, оның жойылатынын ескерткен еді. Тегеран болса, Помпео таққан кінәні «негізсіз» деп отыр.

Өткен тәулікте Оман бұғазында мұнай таситын екі кеме шабуылға ұшырады. Олар бұндай жағдайға Сауда Арабиясынан Сингапур мен Тайваньға бара жатқанда тап болған.

Ал, өткен айда Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра портының маңында 4 кемеге оқ жаудырылды. Осы оқиғаларға байланысты Құрама Штаттар аймақтағы әскерін күшейтіп жатыр.

Иранның мемлекеттік телеарнасы бейсенбі күні шабуылға ұшыраған танкерлерден құтқарылған 44 теңізші туралы бейнекадырларды көрсетті. Оларды жақын қашықтықта өтіп бара жатқан кемелердің экипажы Иран теңіз сақшыларына тапсырған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу