Түркия әскери операцияны тоқтатуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия әскери операцияны тоқтатуға шақырды

11.09.2018

Ал соңғы 7 жылдың ішінде қарулы қақтығыстардан жүз мыңдаған адам қаза болған Сириядағы жағдай ушыға түсті. Түркия қорғаныс министрлігі «Идлибтегі әуе және құрлықтағы әскери операциялар жедел түрде доғарылуы тиіс» деген мәлімдеме жасап, өз шекарасына жақын маңда орналасқан аумақта атысты тоқтату туралы режим мерзімін ұзартуға шақырды. Айта кетсек, өткен аптада Тегеранда Ресей, Иран және Түркия арасында Идлибке қатысты келіссөздер сәтсіз аяқталған.

Өйткені, Анкара өз жеріне қарай тағы да миллиондаған босқындар ағатынын алға тартып, Идлиб операциясын бастауға қарсылық білдірді. Бірақ, соған қарамастан, Сирия мен Ресей әуе күштері ол аймақты жексенбіде шабуылдай бастады. Бұл әскери науқанның мақсаты - Башар Асад билігіне қарсы оппозициялық күштерді соңғы тірегінен айырып, шешуші соққы беру.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу