Мексиканың теңіз сақшылары 1 тонна кокаин тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексиканың теңіз сақшылары 1 тонна кокаин тәркіледі

24.08.2018

Мексиканың теңіз сақшылары жүрдек қайық бортынан 1 тоннаға жуық кокаин тәркіледі. Ол 599 пакетке бөлініп салынған екен. Сонымен қатар, су көлігінде отырған төрт адам тұтқындалды. Оларды ұстауға әскери ұшақтар мен жауынгерлер де тартылды. Ал, тамыздың 21-де тәртіп сақшылары Синалоа штатында 10 тонна метамфетаминді көлікке тиеп жатқан топты тұтқындаған.

Мексика - ескірткінің бұл түрін АҚШ-қа жеткізетін негізгі ел. Және де Құрама Штаттарға героин да осы мемлекеттен барып жатыр. Ал, Синалоада атышулы наркокартельге жетекшілік еткен наркобарон «Ел Чапо» Гусманның соты Америкада биыл басталады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу