Мексика полициясы 1,5 тонна кокаин тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексика полициясы 1,5 тонна кокаин тәркіледі

27.07.2022

Тыйым салынған зат трактордың екі тіркемесінде жасырылған. Мұндай қомақты көлемдегі кокаин елде алғаш рет тәркіленіп отыр. Есірткі тасымалдаушылар оның көп бөлігін АҚШ-тың шығыс жағалауына жеткізбек болған. Ал оның нарықтағы құны 20 миллион долларға бағаланып отыр. Есірткі тасымалдады деген күдікпен 4 адам қамауға алынды.

Авторы: Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу