Қарулы топ әйгілі наркобаронның ұлын тұтқыннан босатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарулы топ әйгілі наркобаронның ұлын тұтқыннан босатып алды

18.10.2019

Мексиканың Кульякан қаласында қарулы топ полицейлерді қоршап алды. Сондықтан тәртіп сақшылары әйгілі наркобарон «Эл Чапо» Гусманның ұлын тұтқыннан босатуға мәжбүр болған. Ол ұсталған кезде мұздай қаруланған топ полицейлерге оқ атып, жолдарды бөгеп, көліктер мен жанармай станциясына от қойды. Соңғы мәліметке қарағанда, көшедегі атыс кезінде екі адам қаза тауып, 21-і жараланған. Бірнеше сағатқа созылған қақтығыс кесірінен жергілікті түрмеден сотталғандар қашып кетті. 

62 жастағы «Эл Чапо» бұрын «Синалоа» деген ірі есірткі картелін басқарып, АҚШ-қа жүздеген тонна кокаин экспорттаған. 2015 жылы ол Мексика түрмесінен қашып кетіп, кейін қолға түсіп, 2017 жылы Құрама Штаттарға экстрадицияланды. Нью-Йорк соты наркобаронға есірткі тасымалдады, заңсыз ақша аударды және тағы 8 бап бойынша айып тағып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу