Колумбияда суасты кемесінен 4 тоннадан астам кокаин тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда суасты кемесінен 4 тоннадан астам кокаин тәркіленді

25.01.2023

Колумбия әскери-теңіз флоты суасты кемесінен төрт тоннадан аса кокаин гидрохлоридін тәркіледі. Бортта болған 4 адам ұсталды. Олар есірткіні сату, дайындау және тасымалдау ісі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Заңсыз топты құрықтауға Колумбия әскери-теңіз күштері, жағалау күзеті, әскери-теңіз авиациясы қатысқан. Олар нарықтан кокаиннің 11 млн дозасын жойғанын мәлімдеді.



 Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу