Гватемала жағалауларынан ірі көлемдегі кокаин тасымалдап бара жатқан катер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гватемала жағалауларынан ірі көлемдегі кокаин тасымалдап бара жатқан катер ұсталды

05.01.2016
Гватемала жағалауларынан ірі көлемдегі кокаин тасымалдап бара жатқан катер ұсталды

Гватемаланың құқық қорғау органдары Тынық мұхитының жағалауынан 500 келіден астам кокаин алып бара жатқан катерді қолға түсірді. Үлкен жылдамдықты су көлігін полиция қызметкерлері Эскуинтла штатындағы жағалауда құрықтаған. Катерді тінту барысында тәртіп сақшылары әрқайсысы 20 келі тартатын 27 қапты тапты.  

Бұл туралы бүгін жергілікті билік өкілдері хабарлаған. Осы операция нәтижесі бойынша, бірден 4 адам қамауға алынды. Олар заңсыз жүкті  алып жүрген және олардың барлығы да Эквадор елінің азаматтары болып шықты. 

Қолға түскен азаматтар мен тәркіленген есірткі осы іс бойынша одан әрі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін орталықамерикандық мемлекеттің прокуратура органдарының бақылауына берілді.   

2015 жылдың желтоқсан айының соңына таман Эскуинтла штатына қарасты аймақта 650 келіден астам кокаин алып бара жатқан контрабандалық топқа тиесілі тағы бір көлік қолға түскен. Өткен жылы орталықамерикандық мемлекеттердің өкілдері 6 тоннадан астам какоин есірткісін тәркіледі, деп жазады ТАСС агенттігі.  

Хабарламаларға жазылу