Илон Масктың Space X компаниясы орбитаға байланыс спутнигін ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илон Масктың Space X компаниясы орбитаға байланыс спутнигін ұшырды

07.08.2018

«Телком 4» атты аппарат АҚШ-тың Флорида штатының Канаверал мүйісінен соңғы үлгідегі «Фэлкон 9» зымыран-тасығышымен жіберілген. Ал, операция аяқталғаннан кейін ракетаның бірінші сатысы Атлант мұхитындағы платформаға қонды. Орбитаға шыққан спутниктің салмағы - 5,8 тонна. Ол 15 жыл бойы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері аумағына белгі таратып, ескірген «Телком 1» құралын алмастырады. Спутник ұшырылған кезде ауа райы қолайлы болып, операция ойдағыдай өткен.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу