АҚШ-та алғаш рет адамның миына чип орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та алғаш рет адамның миына чип орнатылды

02.02.2024

Илон Масктың Neuralink компаниясы адамның миына тұңғыш рет имплант орнатты. Операция сәтті өткен. Бұл туралы Маск X әлеуметтік желісінде жазды. Оның сөзінше, орнатылған чип жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Бұл имплантты орнату арқылы Илон Маск адам ағзасының жарақаттан кейін жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Осылайша чиптің көмегімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар компьютер немесе смартфонды оймен басқара алады. Бұған қоса, имплант аяқ пен қол протезін басқаруға да көмектеспек.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу