Швецияда орман өртін сөндіру үшін бомба тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда орман өртін сөндіру үшін бомба тасталды

26.07.2018

Швецияның әуе күштері орман өртін сөндірудің ерекше тәсілін қолданды. Әскерилер от ошақтарына 3 мың метр биіктіктен бомба лақтырған. Жарылғыш зат өз кезегінде өрттегі оттегіні жоюға қауқарлы екен.

Бомбалар тілсіз жау қарулы күштер ату жаттығуларын өткізетін алаңға 100 метрдей жақындап қалғандықтан тасталған. Себебі, сынақ алаңында жарылмай қалған снарядтар жатуы мүмкін.

Бомбалау тәсілі өз тиімділігін дәлелдеп, жалынды сөндіруге көмектескен. Айта кетсек, қазір Швецияда 30 шақты өрт ошағы тіркеліп отыр.

Бірнеше апта бойы қаулап жатқан өртті сөндіру үшін скандинавиялық мемлекетке Еуропаның өзге 8 елі көмектесіп жатыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу