Нью-Йоркте жүргізушісіз шаттл-автобус көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте жүргізушісіз шаттл-автобус көрсетілді

18.07.2018

Өз бетімен жүретін шаттл-автобус алғаш рет Нью-Йорктің Таймс Скверінде көрсетілді. Жүргізушісі жоқ электрлі көлік хай-тек сенсорлармен жабдықталған. Ол әуежайлар, колледж кампустары мен тематикалық парктерге адамдарды жеткізуге ыңғайлы. Бірақ, қоғамдық көлік ретінде қолдануға оның жылдамдығы жетпейді екен. Яғни, шаттл баяу жүреді. Және де ол тек 20 адамға шақталған. Соған қарамастан, бұл автобус келесі жылдан бастап қолданысқа енгізілейін деп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу