Нью-Йоркте жаңажылдық шардың дизайны таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте жаңажылдық шардың дизайны таныстырылды

28.12.2023

Нью-Йоркте жаңажылдық шардың дизаины көрсетілді. Ол биыл бантик тәрізді өрнектерімен ерекшеленеді. Себебі мегаполистің басты алаңы «Таймс Сквер» бір кездері көбелек үлгісіндегі галстук ретінде танылған.

Желтоқсаннның 31-де бұл шар дәл осы алаңда дәстүр бойынша биіктен баяу түсіріліп, 2024 жылдың басталғанын паш етеді. Сол сәтті тамашалау үшін «Таймс скверге» миллионға жуық адам жиналады. Ал дүниежүзінде бұл оқиғаны телеэкрандардан миллиардтаған адам көруі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу